×

Елена Рыбакина Wimbledon турнирінің жартылай финалына шықты

Жартылай финал 11 шілдеде өтеді

 Халық үні 11.07.2024 | 11:35
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Wimbledon 2024 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Рыбакина жартылай ширек финалда әлемнің 21-ракеткасы – украиналық Элина Свитолинамен кездесіп, басым түсті – 6:3; 6:2.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлем рейтингіде 32-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчиковамен кездеседі.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, астаналықтар жартылай финалды Тұран, 4/2 мекенжайында орналасқан Ұлттық теннис орталығында ашық аспан астында тамашалай алады. Жартылай финал 11 шілде сағат 18:45-те басталады.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіске жетті. Сол жеңісі үшін 2 млн фунт стерлинг (1 млрд 133 млн 799 мың 568 теңге) алды.

Теннис федерациясы спортшының салықты тек Ұлыбританияға төлейтінін хабарлады.

Wimbledon турнирінің жүлде қорын төлеу Ұлыбританияда жүзеге асырылады. Қазақстан азаматы Елена Рыбакина сыйақының табыс салығын бір-ақ рет Ұлыбританияда төлейді. Қазақстан мен Ұлыбритания қол қойған қосарланған салық салуға жол бермеу жөніндегі конвенцияға сәйкес Қазақстанда сыйақыдан төлем төлеу жүргізілмейді, - деді Қазақстан Теннис федерациясы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама