Halyq Uni логотип
×

Алматыда заңсыз жүрген шетелдіктер ұсталды

Олар жалған құжат жасатқан

 Қымбат Елтайқызы 11.07.2024 | 11:23
Алматыда заңсыз жүрген шетелдіктер ұсталды
фото: СҚО полиция департаменті

Алматы прокурорлары заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру шеңберінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды. 

Шетел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған, – деп толықтырды қадағалаушы орган.

05.06.2024 жылы Наурызбай аудандық соты ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі бойынша Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімін шығарды. Кінәлі адам қылмыстық жауапқа тартылды.

«Әдетте заңсыз көші-қонды ұйымдастыру жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта мемлекеттік кіріс органдары прокуратураның қадағалау актісі бойынша жалған фирмалардың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп түйіндеді жергілікті прокуратура.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама