×

Ақтауда екі адамнан 80 келіге жуық марихуана тәркіленді

Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Қымбат Елтайқызы 11.07.2024 | 09:52
фото: polisia.kz

Ақтауда полицейлер екі ер адамнан 80 келіге жуық марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Арнайы операция барысында тәртіп сақшылары екі ер адамды анықтап, ұстады. Олардың көлігін тінту барысында, салмағы 79 келі 138 грамнан асатын марихуана салынған 27 полиэтилен пакеті мен есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ салмағы 59 грамм гашиш табылды, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

«Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша күдікті сотқа жеткізілді», – деп толықтырды ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама