Halyq Uni логотип
×

Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

Ер адам Астанадағы тергеу изоляторына қамалды

 Халық үні 11.07.2024 | 09:44
Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды
Фото: Астана соты баспасөз қызметі

Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Грузиядан елге жеткізілді. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

2020 жылы ер адам Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, тқылмыскердің қолынан қашып құтылған.

Сот азаматты кінәлі деп таныған, алайда сотталған үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған, – делінген ақпаратта.

Соған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

2023 жылдың қазанында сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Бас прокуратура сұрауы бойынша Грузия тарапы оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазір ер адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама