Ол Қазақстан азаматтарына терроризмді насихаттаған
Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы – таяу шетел азаматы ұсталған.
ІІМ мәліметінше, күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер болатын материалдары бар 2 ұялы телефонды тәркілеген.
Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.