×

Түркістан облысында радикалды діни идеяларды жақтаушы ұсталды

Ол Қазақстан азаматтарына терроризмді насихаттаған

 Халық үні 11.07.2024 | 08:45
фото: polisia.kz

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы – таяу шетел азаматы ұсталған.

ІІМ мәліметінше, күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер болатын материалдары бар 2 ұялы телефонды тәркілеген.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама