×

Павлодарда сүйіктісін жалдамалы пәтерде соққыға жыққан жігіт сотталды

Ол екеуі 6 ай бойы кездесіп жүрген

 Халық үні 10.07.2024 | 23:13
фото: Halyq Uni

Павлодарда сүйіктісін соққыға жыққан ер адам сотталды. Ал жәбірленуші әртүрлі жарақаттармен ауруханада жатыр. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Павлодар қаласының №2 сотында ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі және 107-бабының 1-бөлігі бойынша, зорлау және денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтірді деген айыппен қылмыстық іс қаралды.

Айыпталушы мен жәбірленуші 6 ай бойы кездескен. Жалдамалы пәтердегі кезекті кездесуде олардың арасында жанжал туындаған. Сол уақытта айыпталушы әйелдің басы мен денесіне соққылар жасап, құлағаннан кейін оны тұншықтыра бастаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгеннен кейін құқық қорғау органдарына жүгінді, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

Соттың денсаулыққа зиян келтіру жөніндегі айыптау бөлігіндегі шешімі бойынша ҚІЖК-нің 340-бабы тәртібімен прокурорға аса ауыр жаңа айыптау актісін жасау үшін уақыт берілді. Сот жаңа актінің жасалмау себебімен істі айыптау шегінде қарастыра келе, жігітті денсаулығына қасақана орташа зиян келтіргені үшін кінәлі деп тапты.

Сондай-ақ қарама-қайшы айғақтар, сараптамалардың теріс нәтижелері бойынша зорлау айыбы өзінің растауын таппағандықтан, ақтау туралы шешім қабылданды.

Сот айыпталушының мас халде қылмыс жасау әрі жеке басының теріс сипаттамасын ескере отырып, ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігіне сәйкес, 2 жылға бас бостандығынан айыру бойынша максималды жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сол себепті тараптар аталған қылмыс бойынша шағымдануы, наразылық білдіруі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама