×

БҚО-да пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер жауапқа тартылды

Табиғат қорғау прокуратурасы жер ресурстарын басқару департаментіне ұсыныс енгізді

 Динара Амантай 10.07.2024 | 17:07
Фото: gov.kz

БҚО-да пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Талдау барысында жер учаскелерін рәсімдеместен пайдалы қазбаларды өндірген жер қойнауын пайдаланушылар анықталды.

Осыған байланысты табиғат қорғау прокуратурасы жер ресурстарын басқару департаментіне ұсыныс енгізді. Оны қарау нәтижесінде аталған азаматтар ӘҚБтК-нің 136-бабы («Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған 369 мың 200 теңгеге айыппұлдар толығымен өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама