Одан тәркіленген есірткі 4600 бір реттік дозаға тең
Қарағанды полицейлері заңсыз айналымнан 2,3 келі синтетикалық есірткі тәркіледі, Halyq Uni тілшісі.
Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала көшелерінің бірінен аса ірі көлемде есірткі сатуы мүмкін деген күдікпен 24 жастағы азаматшаны құрықтады.
Оған жүргізілген тінту жұмыстары барысында ұнтақ тәрізді 4 пакет тәркіленді. Тәркіленген заттарға жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың жалпы салмағы 2,3 келі синтетикалық есірткі екені белгілі болды, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
Айта кету керек, тәркіленген синтетикалық есірткі 4 мың адамның қолына жетуі мүмкін еді. Өйткені бұл салмақ – 4600 бір реттік дозаға тең.