Маңғыстау облысындағы 6 жасөспірім құтқарылды

Фото: видеодан скриншот
Бүгін ТЖМ қызметкерлері 6 жасөспірімді құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, балалар Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 шақырым қашықтықта қолдан жасалған жүзу құралымен алыс жүзіп, қайтып келе алмаған 17-19 жас аралығындағы 6 жасөспірімді жағалауға жеткізген. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ еске салады:
- суға шыққанда құтқару кеудешесін киіңіз;
жүзу құралын ішімдік ішкен күйінде басқармаңыз;
балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.