Шешім қабылдау барысында білім ордасының кейінгі 5 жылдағы дамуы ескеріледі
Жоғары оқу орындарына «зерттеу университеті» мәртебесін беру қағидалары әзірленді. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Құжатта жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қандай жағдайда ерекше мәртебе берілетіні айқындалған.
Соған сәйкес, «зерттеу университеті» мәртебесін Үкімет береді. Ол үшін оқу орны бірнеше талапқа сай келуі керек:
Шешім қабылдау барысында оқу орнының кейінгі 5 жылдағы дамуы ескеріледі.
Ал бұл мәртебе оқу орнына бірнеше міндет жүктейді. Оның ішінде ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін коммерцияландыру бар. Сондай-ақ ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізуі қажет.
Ал мұндай оқу орындары білім беру бағдарламасы стандартын жеке әзірлеп, іске асыруға құқылы.
Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген құжат 23 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылған.