Астанада асыл тұқымды итті ұрлаған сәт видеоға түсіп қалды
Ұры жануарды сатып үлгерген
Елордада асыл тұқымды итті ұрлаған сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның «спаниель» тұқымды итін ұрлап кеткені туралы ақпарат берді. Астаналық сақшылар тұрғынның үй жануарымен серуендеп келе жатып, итін кіреберістегі темір торға байлап, дүкенге кірген сәтін бенебақылау камерасынан көрді. Ит иесі дүкеннен шыққан сәтте ит орнында жоқ болған, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі..
Байқоңыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ұрлық қылмысы бойынша іс қозғалған 48 жастағы қала тұрғынын анықтады, – деп мәлімдеді ІІМ.
Бейнежазбада көрсетілгендей, қаскүнемнің итті белгісіз бағытқа қалай алып кеткені, кейінірек ақша табуды ұйғарып, оны белгісіз жас жұбайларға сатқаны белгілі болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оның елордада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.