×

Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 2 мыңнан астам тұрғын жазаланды

Қалада арнайы тексеріс жүргізілді

 Қымбат Елтайқызы 10.07.2024 | 11:19
фото: razvod.expert

Қызылорда қаласында қоғамдық орындарды ластаған 2,2 мың азамат анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді. Жұмыс барысында жедел басқару орталығының бейнекамералары да қолданылды. Нәтижесінде жергілікті полиция қызметкерлері жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша 2197 тұрғынды анықтап, әкімішілік жауапқа тартты. ​

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-2 бабының 1-бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Тәртіп сақшылары жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару айыппұлға әкеп соғатынын еске салды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама