×

ВАК шешімі: Қазақстан шекарасында ПТР нәтижесі мен вакцинация паспорты сұралмайды

Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерге қатысты талаптар жеңілдетілді

 Айнұр Шошаева 07.06.2022 | 12:51
фото: pkzsk.info

8 маусымнан бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасында ПТР тест пен вакцинация паспортын тапсыру талаптары жойылады. Бұл талаптар Қазақстан азаматтарына да, шетелдіктерге де қатысты.

«Ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияны немесе ревакцинацияны растауды немесе ПТР әдісімен теріс нәтижесі көрсетілген анықтама ұсыну туралы талап алынып тасталады», - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят.

Оның айтуынша, тиісті шешім коронавирустық инфекцияның алдын алу және тарату жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданған. 

«Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия оның күшін жою туралы мынадай шешімдер қабылдады. Атап айтқанда барлық өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде ҚР азаматтары мен шетелдіктер міндетті түрде COVID-19-ға қарсы вакцинация/ревакцинация паспортын, ал олар болмаған кезде COVID-19-ға ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуын алып тастау. Республиканың 7 өңіріндегі ҚР мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пункттердін жұмыс істеуге тыйым салуды алып тастау», - деп қосты министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама