Бұл шараларға бюджеттен қосымша қаражат жұмсалмайды
Қонаев қаласы, Іле, Талғар ауданы жерінің бір бөлігі Алатау қаласына беріледі. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының «Алатау қаласының шекарасын белгілеу туралы» бірлескен шешімінде көрсетілген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Осылайша, жаңа қала аумағы үш бірдей әкімшілік аумақ есебінен ұлғаяды.
Алатау қаласының шекарасы, оның шегіне жалпы ауданы 88267,0086 гектар Қонаев қаласының, Іле және Талғар аудандарының кейбір жерлерін қоса отырып белгіленсін, - деп жазылған ресми құжат жобасында.
Алатау қаласының шекарасына Қонаев қаласынан 10937,0052 га, Іле ауданынан 65213,0004 га және Талғар ауданынан 12117,003 га жер беріледі.
Бұл шараларға бюджеттен қосымша қаражат жұмсалмайды. Ал құжат мәтіні «Ашық НҚА» порталында 23 шілдеге дейін талқыланады.
Айта кетейік, 2024 жылдың 9 қаңтарында президент Алатау қаласын құру туралы қаулыға қол қойды.