Halyq Uni логотип
×

«Алтын-Емел» паркінде Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

Видеодан жануардың науадан су ішкенін көруге болады

 Қымбат Елтайқызы 10.07.2024 | 10:40
«Алтын-Емел» паркінде Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды
фото: видеодан скриншот

«Алтын-Емел» ұлттық табиғи паркінде еліміздің Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«2023 жылы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының зоолог мамандарының көмегімен, WWF (Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры) қаражаты есебінен «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Дегерес тауында суды үнемдеу әрі жабайы аң-құстарды сумен қамтамасыз ету мақсатында автоматты түрде науаға су құйылып тұратын көлемі 3 тонналық ыдыс орнатылған болатын. Осы суатқа МҰТП-ң ғылыми, ақпараттық және мониторинг бөлімі қызметкерлерінің зерттеу жұмыстары барысында орнатқан фототұзаққа еліміздің Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюының келіп, су ішкені туралы бейне жазба түсірілген», - деп жазды «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама