Елімізде жүк тасымалдау саласында 300-ге жуық заңбұзушылық анықталды
Жүк көлігі жүргізушілеріне 100 млн теңге айыппұл салынды
Қазақстанда жүк көлігі жүргізушілеріне 100 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Елімізде Көлік министрлігінің бастамасымен «Назар аударыңыз, ауыр салмақты автокөлік» рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылып, оның барысында ауыр салмақты көліктердің, оның ішінде самосвалдардың қозғалысы бойынша бақылау күшейтілді.
Ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк тасымалдауының алдын алу және бақылау бойынша шараның аралық қорытындылары туралы айта келе, айыппұлдардың басым бөлігі Маңғыстау, Ақтөбе мен Жетісу облыстарында салынғанын атап өткен жөн. Осылайша, аталған рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде шамамен 100 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салумен 293 заңбұзушылық анықталған. Жалпы, акция басталғаннан бері көліктік бақылау инспекциялары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп 30 рет инспекция жасады, – деп мәлімдеді Көлік министрлігі.
Айта кетерлігі, ауыр жүк самосвалдары тасымалдау кезінде жол қозғалысы ережелерін әрі жүктерді тасымалдау ережелерін, оның ішінде автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақ өлшемін бұзған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда барлығы 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген, оның ішінде 60 мыңнан астамы – самосвалдар. Атап өтсек, ауыр жүк көліктеріне инертті материалдарды тасымалдауға рұқсат етілген норма 25 тоннаны құрайды.