×

Мейрамбек Бесбаев қамалған Қайрат Нұртас туралы айтты

Қайрат Нұртас ұшақтағы әрекеті үшін 15 тәулікке қамалды

 Халық үні 09.07.2024 | 22:04
Фото әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Әнші Мейрамбек Бесбаев басы дауға қалып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді.

Мейрамбек Бесбаев елдің қызу талқысына түскен Қайрат Нұртастың оқиғасына қатысты пікір білдіріп, Instagram-дағы парақшасында достық туралы сыр шертті.

Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, құдай жаныңа қуат берсін.

Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайында жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді. Алла әділетті, - деп жазды Бесбаев.

Айта кетейік, 5 шілдеде әнші Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 434-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

2024 жылы 4 маусым кешкі сағат 20:00 шамасында Алматы – Астана бағытындағы рейс бортымен Қайрат Айдарбеков (Қайрат Нұртастың құжаттағы аты-жөні – ред.) өзінің танысымен бірге ұшқан. Ол екеуі сөзге келіспей қалып, Айдарбековтің өзі Бекқайыровқа қасақана жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салғанын мойындап отыр. Алайда сот барысында екеуі татуласып, істі қысқартуды сұрады. Сондықтан іс бұл бөлігі бойынша қысқартылады, - деді судья Ұлдана Сүлейменова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама