Halyq Uni логотип
×

Утильалымға қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдау қашан өтетіні айтылды

Қоғамдық тыңдауды тікелей эфир арқылы көруге болады

 Ербол Тұрымбет 09.07.2024 | 17:30
Утильалымға қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдау қашан өтетіні айтылды
Фото: Halyq Uni

Утилизациялық алымға қатысты петицияны қарау жөніндегі қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, қоғамдық тыңдау Алматы қаласындағы «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС зауытында 15 шілдеде сағат 11.00-де өтеді.

Сондай-ақ, министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында және бірқатар ақпарат агенттік арқылы тікелей эфир ұйымдастырылады.

Бұған дейін утильалымға қатысты 50 мың адам қол қойған петиция қарауға алынды. Жұмыс тобының құрамына Парламент депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Мәдениет және ақпарат вице-министрлері, Сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енді.

Сондай-ақ топ құрамына петиция бастамашылары, яғни бірқатар қоғамдық бірлестік, сарапшылық қоғамдастық және өнеркәсіп секторының өкілдері де кірген.

Айта кетейік, бұған дейін министр Қанат Шарлапаев елімізде утильалым жойылмайтынын бірнеше рет айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама