×

Қарағандыда жасөспірім сауда үйінде жарылғыш зат орнатылғанын хабарлаған

Ол жерден 230 адам эвакуацияланды

 Динара Амантай 09.07.2024 | 17:16
Фото: polisia.kz

Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген жасөспірім анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 9 шілдеде сағат 13:45 шамасында Қарағанды облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау соғып, Қарағандыда орналасқан «ЦУМ» сауда үйінде жарылғыш зат орнатылғанын хабарлаған. Оқиға орнына бірден барлық жедел қызмет жұмылдырылды.

Полицейлер сауда үйінен 230 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Сауда үйі тексеріліп, ол жерден жарылғыш зат анықталған жоқ.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 15 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Қарағанды облыстық полиция департаменті терроризм бойынша жалған көрнеу ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама