Halyq Uni логотип
×

Кәсіпкер тапсырыстың орнына арзан тауар салып жіберсе не істеу керек?

Бұл сұраққа заңгер Нұржан Әбдікәрімов жауап берді 

 Халық үні 09.07.2024 | 16:30
Кәсіпкер тапсырыстың орнына арзан тауар салып жіберсе не істеу керек?
Фото: Halyq Uni

Азаматтар «Халық үні» YouTube каналы арқылы сауал жолдап, заңгердің көмегіне жүгіне алады. Ақпараттық көмек сұрағандардың қатарында техника аламын деп сан соғып қалған Шынар есімді азамат та бар.

Айтуынша, ол шетелдік құрылғы арқылы массаж жасау курсына қатысқан. Содан кейін массаж құрылғысын сатып алмақ болған. Ал оның құны – 700 мың теңге. Алайда тауардың Оңтүстік Кореяда емес, Қытайда жасалғанын білген. Ал Қытай тауарының құны – 78 мың теңге.

Заңгер Нұржан Әбдікәрімовтің айтуынша, мұндай жағдайда азамат алдымен қаражатын қайтарып алуды талап етуі керек. Бұл – бірінші жолы.

Екіншісі – тауар алмасу. Ол азамат 700 мың теңге төлесе, өзі тапсырыс берген Оңтүстік Кореяның тауарын беруі керек. Мұның бәрі келісім арқылы жүргізіледі, - дейді заңгер «Әділетті қоғам» бағдарламасына берген сұқбатында.

Маман тұтынушы қаражатын қайтарып алғысы келетін жағдайға да тоқталды.

Құрылғының бағасы – 700 мың болса, сатушы 78 мың теңгені алып қалып, қалған қаражатты заң жүзінде азаматқа қайтарып беруі қажет, - дейді Әбдікәрімов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама