Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында немересі қайтыс болған әжесінің орнына зейнетақы алып отырған

Ұрланған қаржының жалпы көлемі 4 млн теңгеден асады

 Динара Амантай 09.07.2024 | 15:35
Ақмола облысында немересі қайтыс болған әжесінің орнына зейнетақы алып отырған
көрнекі фото: Halyq Uni

Ақмола облысында немересі қайтыс болған әжесінің орнына зейнетақы алып отырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аудан прокуратурасының талдауы барысында 1937 жылы туған зейнеткер 2021 жылы Зеренді ауылында қайтыс болғаны анықталды. Өз кезегінде қайтыс болған адамның туған немересі, пайдакүнемдік мақсатта қайтыс болу фактісін уәкілетті органдардан жасырып, әжесінің зейнетақы түсетін банк картасын пайдаланып,зейнетақы төлемдерін жүйелі түрде ұрлап отырған. Ұрланған қаржының жалпы көлемі 4 млн теңгеден асады.

Аталған дерек бойынша Зеренді ауданының прокуратурасы ҚР ҚК 1-тармағының 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау немесе ірі мөлшерде жасалған алдау арқылы бөтеннің мүлкіне құқық алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді.

Зеренді аудандық сотының үкімімен айыпталушы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Келтірілген залал мемлекет кірісіне өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама