×

Алматыда Ботаникалық бақ бір күнге жабылады

Басқа күндері таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді

 Халық үні 09.07.2024 | 14:46
Фото: Тимур Батыршин

Алматыда Ботаникалық бақ 11 шілдеде жабық болады. Бұл туралы нысанның әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.

Ботаникалық бақ 11 шілдеде техникалық себептерге байланысты жабылады. Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады, - делінген ақпаратта.

Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Касса сағат кешкі 8-ге дейін қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, 2006 жылы Ботаникалық бақ Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының тізбесіне енгізілген. Бақ Тимирязев көшесі, №36 Д мекенжайында орналасқан. Бақтың жалпы аумағы – 104 гектар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама