×

ҚТЖ жекелеген кәсіпкерлерге артықшылық беріп отырған

Прокуратура 1,3 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады

 Динара Амантай 09.07.2024 | 11:57
Фото: Halyq Uni

ҚТЖ жекелеген кәсіпкерлерге артықшылық беріп отырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас көлік прокуратурасы талдау барысында «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттердің белгілерін анықтады.

Анықталғандай, кірме жолдарды пайдалануға Ұлттық инфрақұрылым операторы («ҚТЖ» ҰК» АҚ) бекіткен нұсқаулар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Алайда, аталмыш нұсқауларды бекіту кезінде ҚТЖ өзінің үстем жағдайын пайдаланып, нұсқаулыққа нақты локомотив иелерін бекіткен. Салдарынан жекелеген жеткізушілерге кірме жолда маневрлік қызмет көрсету кезінде артықшылықтар беріп, басқа локомотив иелерін жолға түсу мүмкіндігінен айырды.

Осы арқылы ұлттық компания бәсекелестікті шектеп, қызмет көрсету нарығында басқа субъектілер үшін кедергілер жасаған.

Көрсетілген фактілер бойынша бас көлік прокуратурасымен ұсыныс енгізілді. Оның нәтижесінде нұсқаулықтар заңнамаға сәйкестендіріліп, жеклеген локомотив иелеріне сілтемелер жойылып, 1,3 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды, – делінген көлік прокуратурасының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама