Halyq Uni логотип
×

Алматы облысының тұрғыны саяжайда есірткі зертханасын ұйымдастырған

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 09.07.2024 | 09:56
Алматы облысының тұрғыны саяжайда есірткі зертханасын ұйымдастырған
Фото: polisia.kz

Полицейлер «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кезекті зертхананы әшкерледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы тәртіп сақшылар Қарасай ауданының саяжай алқаптарының бірінің аумағында анықтады. Үйдің ауласындағы гаражды тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға қажетті реактивтер, контейнерлер мен басқа да заттар табылды. Сонымен қатар күдіктінің жеке учаскесінде полиция 18 қарасора бұтасын қазып алды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Зертхана «синтетика» өндірісінің бастапқы сатысында жойылды. Есірткі өндірушіден 200 граммнан астам мефедрон және синтетикалық есірткі өндіруге арналған 1,5 келіден астам прекурсорлар тәркіленді.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетсек, жыл басынан бері Алматы облысында он есірткі зертханасы жойылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама