«Не деген арсыздар!»: кәсіпкер референдумның видеосын жариялады
Кәсіпкер референдумнан видео жариялады
Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила референдум өткен соң, дауыс берудің нәтижесін санап жатқан адамдардың видеосын жариялады.
Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында бейнетаспаға түсіп қалған адамдардың істерін сынады.
Билік қуаты қолымда болса мыналарды тауып алып, елдің алдына алып шығып, арттарын жалаңаштап тұрып жатқызып қойып, әрқайсысына 1000 дүре соққызар едім!! Әттеген ай десеңші! Семей дейді.. Не деген арсыздар!!, - деп жазды Ахметбек Нұрсила.
Оның жазбасына пікір қалдырып жатқан адамдар да кәсіпкердің сөзімен келісетіндерін айтып, жазып жатыр.
Бұларды емес, бұларға бұйрық берген төбедегілердің жазасын беріңіз. Бұлар тек бұйрықты орындаушы, - деді тағы бір желіні қолданушы.
Жалпы, әлеуметтік желіде биылғы референдумның қорытындысы туралы көп ақпарат тарап жатқанын айту керек. Оның көбісі сайлау учаскелерінде өздерін фотоға түсірткізіп, дауыс берген адамдардың фотосуреттері.