Halyq Uni логотип
×

«Еңбек нарығында қиындық тудырмайды»: Тамара Дүйсенова Қазақстанда жүрген ресейліктер туралы

Министрдің айтуынша, Қазақстанда жүрген ресейліктердің саны соншалықты көп емес

 Дәурен Ерболат 07.06.2022 | 11:45
«Еңбек нарығында қиындық тудырмайды»: Тамара Дүйсенова Қазақстанда жүрген ресейліктер туралы
Тамара Дүйсенова, фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ресей азаматтарының Қазақстанға келуі еңбек нарығында қиындық тудырмайтынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Қазір Қазақстанға келіп жатқан ресейліктердің саны көп емес. Жақында әріптестеріңізге де айтқанмын (журналистер – автор), Қазақстанда жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңнан аса жас маман шығады. Сондықтан қазақстандық жастарды жұмысқа тарту, оларды жұмыссыз қалдырмау бірінші кезекте тұр. Бүгінде (ресейліктердің Қазақстанға келуі – автор) бұл еңбек нарығында қиындық тудырмайды», - деді министр Үкімет куаларында.

Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтар - наурыз айлары аралығында 204 947 ресейлік Қазақстанға келген. Бұл туралы Ресейдің барлық ведомствоаралық статистикасы жиналатын платформада хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама