Құтқарушылар оларды Тобыл қаласына жеткізді
Өткен түні Аққабақ ауылының маңында Қостанай ауданының құтқарушылары 20 адамды, оның ішінде 7 баланы балшыққа батып, шыға алмаған машиналардан эвакуациялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, көп жауған жаңбырдың салдарынан топырақ шайылып, Аққабақ көлінде демалушылар өз көліктерімен үйге өз бетінше жете алмаған.
Құтқарушылар күшімен эвакуацияланғандар Тобыл қаласына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.