×

БҚО-да ресейлік әйелге найзағай түсіп, қаза тапты

Өңірде қатты дауыл соғып, бірнеше ағаш құлады

 Динара Амантай 08.07.2024 | 15:20
Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысында 40 жастағы әйелге найзағай түсіп, салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

mgorod.kz сайтының хабарлауынша, 7 шілдеде сағат 17:00-де Теректі ауданындағы Шалқар көлінің жағасында демалып жатқан әйелдің үстіне найзағай түскен. Салдарынан Ресейдің 40 жастағы азаматы оқиға орнында қаза тапты.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметін әйелдің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

Сағат 17:13-те Сарыөмір кентінің дәрігерлік амбулаториясының кезекшісіне «Шалқар демалыс аймағында 1984 жылы туған әйелге найзағай түсті» деген шақырту келіп түсті. Оқиға орнына барған фельдшер әйелдің қайтыс болғанын мәлімдеді. Қазаның себебін сот-медициналық сараптама анықтайды, – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетсек, кеше БҚО-да күннің екінші жартысында қатты дауыл соғып, екпінді жел ағаштарды құлатып, бірнеше үйден шатырларды алып кеткен. Жүздеген тұрғын жарықсыз қалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама