Балаларға шабуылдаған жасөспірім шекарада ұсталды
«Бұзақылық» бойынша іс қозғалды
Балаларға қол баллоннан бұрыш шашқан жасөспірім шекарадан қашып өтпек болған жерінен ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері шекарадан өтпек болған кәмелетке толмаған күдіктіні ұстады. Жасөспірім балаларға қарсы газ құтысын қолданғаны үшін бұзақылық ісі бойынша іздеуде болды, – делінген полиция хабарламасында.
Айта кетсек, әлеуметтік желіде екі балаға баллоннан бұрыш шашқан жасөспірімнің бейнесі жарияланған. Онда бала бұзақылық жасай отырып, 1488 сандарын айтады.
«Регион 64» агенттігінің мәліметінше, жасөспірім Қазақстанда 2008 жылы туған, бірақ 2021 жылдан бері анасымен Саратов облысында тұрады екен. Ал, жазғы демалысқа ол әкесіне Қазақстанға келген.