Алматы облысында үй өртенді

Динара Амантай

Өрттің себебі анықталып жатыр

Фото: Алматы обл. ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысында үй өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін түнде Еңбекшіқазақ ауданынындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 234 шаршы метр алаңда үйдің шатыры жанған. ТЖМ күштерімен өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдай болған жағдайда 101 немесе 112 нөмерлеріне хабарласу қажет.