×

Дүйсенбі күні елімізде ауа райы қандай болады

Қазгидромет кезекті болжамын жариялады

 Қымбат Елтайқызы 07.07.2024 | 17:40
фото: inbusiness.kz

Синоптиктер дүйсенбі – 8 шілдеге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысы

Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 18-23 м/с. Алматы қаласында кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15 м/с. Қонаев қаласында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта – екпіні 18-23 м/с.

Жамбыл облысы

Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда – 15-20, екпіні – 23 м/с. Таразда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Облыста жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде облыстың шығысында найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз де найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында – 15-20, екпіні – 23 м/с. Өскеменде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 15-18 м/с.

Абай облысы

Облыста найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында – 15-20, екпіні – 23 м/с. Семейде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні – 15-18 м/с.

Маңғыстау облысы

Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37-42 градус қатты ыстық сақталады. Ақтауда күндіз найзағай күтіледі, 39 градус қатты ыстық сақталады.

Павлодар облысы

Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде  – қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласында күндіз кей уақытта қатты жаңбыр найзағай, бұршақ жауады.

Атырау облысы

Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Атырау қаласында күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Ақмола облысы

Облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысы

Күндіз облыстың шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында – найзағай, бұршақ. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Найзағай болады. Күндіз облыстың батысында – дауыл. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында – тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Түнде және таңертең – тұман.

Түркістан облысы

Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15-20 м/с. Шымкентте найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Жетісу облысы

Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні –15-20 м/с. Талдықорғанда найзағай ойнайды.

Қостанай облысы

Облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысы

Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық сақталады.

Астана

Найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде облыстың батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солүстік-батысында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда да жоғары өрт қаупі болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама