Мақпал Исабекова жаңа туған сәбиінің суретін жариялады

Қымбат Елтайқызы

Әнші екінші нәрестесін дүниеге әкелді

фото: Instagram / makosyai

Отандық әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол Instagram желісіне жаңа туған екінші сәбиі – қызының суретін жүктеп, жазба жариялады. Оқырмандары құттықтап, ана мен балаға тілектерін жаудырды.

Атап өтсек, әнші мен оның жұбайының Теодор есімді екі жасар ұлы бар.