Halyq Uni логотип
×

Бурабайда 200-ден астам әуесқой спортшы құзға өрмеледі

Бұл спорт түріне жастардың қызығушылығы артып келеді екен

 Қымбат Елтайқызы 07.07.2024 | 15:10
Бурабайда 200-ден астам әуесқой спортшы құзға өрмеледі
фото: Туризм және спорт министрлігі

Бурабай демалыс кентінде Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына және Астана күніне орай құзға өрмелеуден «Бурабай-2024» республикалық фестивалі 5-ші мәрте өтті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ауқымды жарысқа Астана, Көкшетау, Шучинск қалалары мен Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 200-ден астам әуесқой спортшы қатысты, деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.

Фестивальді ұйымдастырушы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашов жиналғандарды дәстүрлі спорттық сайыстың басталуымен құттықтады.

Құзға өрмелеуден республикалық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат - еліміздегі бұқаралық спортты, альпинизм мен спорттық туризмді, сонымен бірге ішкі туризмді дамыту. Өздеріңізге белгілі спорттың осы түріне деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді, әсіресе жастардың белсенділігі қуантады. Және де биыл Париж олимпиадасына құзға өрмелеуден лицензия алдық. Бұл еліміз үшін жақсы жетістік», - деді ол.

Iс-шара барысында қатысушылар физикалық дайындығына байланысты бірі – биіктігі 300 метрді құрайтын «Оқжетпес» шыңын бағындырса, бірі – «Үш әпке» шоқысына көтерілді. 

Фестиваль соңында жеңімпаздар марапатталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама