×

Жетісу облысында туристер құтқарылды

Олар көлігімен бірге суға ағып кете жаздаған

 Қымбат Елтайқызы 07.07.2024 | 14:30
фото: ТЖМ

Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмекке келді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ескелді ауданындағы Қора шатқалында Текелі қаласынан 28 шақырым жерде ТЖМ құтқарушылары екі ер адамды құтқарды. Белгілі болғандай олар жол талғамайтын көлікпен өзеннен өту кезінде оларды қатты су ағысы алып кеткен, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады, деп толықтырды ведомство.

Министрлік өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама