×

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 экстремистік топ ұсталды

Олардан қару, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер тәркіленді

 Ербол Тұрымбет 10.01.2022 | 09:07
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаппай тәртіпсіздік пен террористік актіге қатысқандарды ұстау және жасалынған қылмыстардың себептерін анықтау бойынша 4-8 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатынасқан 2 экстремистік топты ұстады.

9 қаңтарда экстремистік әрекетке алдап-арбау, экстремистік ұйымға басшылық ету және оған қатысу, сондай-ақ жаппай құқыққа қайшы акцияларды жүргізу күдігімен бір ұяшықтың 4 мүшесі ұсталды.

Тұрғылықты жерін тексеру барысында олардан заттай айғақ ретінде атылатын қару, дыбыс-жарық гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер тәркіленді.

Ұйым жетекшісі халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде ат-салысқан шетел азамат болып шыққан. Тергеу тұжырымы бойынша, ол Қазақстанға жаппай құқыққа қайшы акцияларды дайындап, сондай-ақ билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келгендігі анықталды, – делінген ҰҚК таратқан ақпаратта. 

Оған осы мақсатта көмек берушілерді іздестіру ұйымдастырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі кейбір БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінен қару-жарақтар, оқ-дәрілер, басқа да мүліктер ұрланғаны жайында таралған ақпараттардың жалған екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама