Алматыда кәуап дайындайтын орын түгі қалмай жанып кетті (ВИДЕО)
Оқиғаның себебі анықталып жатыр
Алматыда құтқарушылар кәуәп дайындайтын үй-жайдағы отты сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бүгін таңертең Бостандық ауданында мейрамхана аумағында 30 шаршы метр алаңда жеке тұрған кәуәп дайындайтын үй-жай өртенді, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
«ТЖМ күштері жақын орналасқан объектілерге жалынның таралу қаупін қысқа мерзімде жойды. От шақырту түскен сәттен бастап 17 минут ішінде тоқтатылды», – деп толықтырды ведомство.
Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.