«Домбыра төрден түспесін». Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
Елімізде Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері тойланып келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін!», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парағында.
Елімізде Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері шілденің бірінші жексенбісі сайын аталып өтіп келеді. Әдетте бұл күні домбырамен байланысты түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.