×

Ақтөбе облысында суға бата жаздаған ер адам құтқарылды

Оған дәрігерлердің көмегі қажет болмады

 Қымбат Елтайқызы 06.07.2024 | 17:58
фото: oboz.info

Ақтөбе облысында 22 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Ақтөбе қаласының Елек өзенінің жағалауын патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2002 жылы туған ер адамды құтқарып, жағаға алып шықты, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Белгілі болғандай, су ағысы 22 жастағы азаматты үрлемелі қайығымен бірге жағадан алысқа алып кеткен. Оған медициналық көмек қажет болмады.  

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама