Kitaphana Fest шарасында ақын-жазушылармен кездесу өтті
Астана әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 50 жылдығы және қала күнін мерекелеу аясында Жазушылар аллеясында Kitaphana Fest кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Мәдени-ағарту іс-шарасы 2019 жылдан бері өткізіліп келеді әрі қалалық ауқымдағы алғашқы кітап фестивалі болып саналады, деп мәлімдеді елорда әкімдігі.
Фестиваль 6 жыл ішінде жазушылардың Астана тұрғындарымен кездесуіне арналған танымал орындардың біріне айналды. Фестиваль өткен жылдары белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 30-дан астам кітап таныстырылды. Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарының, оның ішінде балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, - деді орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Гүлмира Әбілғазина.
Фестиваль барысында балалар жазушылары Зәуре Төрехан, Татьяна Никитина, ақындар Серікбол Хасан, Әкім Ысқақ және тағы басқа авторлармен кездесу өтті. Балалар үшін белгілі шығармалардың кейіпкерлерін білуге арналған викториналар, шығармашылық шеберханалар өткізілді.