Астанаға 26 жыл: қала тұрғындарының саны қаншаға өсті

Қымбат Елтайқызы

Әкім статистиканы атады

фото: Астана әкімдігі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындары мен қонақтарын елорданың 26-жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Елордамыздың қалыптасуы мен даму жолының артында қашанда сіздер тұрасыздар! Сіздер түрлі салаларда еңбек етіп жүрсіздер: балаларға білім беру, науқастарды емдеу, нысандар салу, туризмді дамыту. Әрқайсыларыңыз қаламыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрсіздер», – деді қала басшысы.

Астанамыз 300 мың тұрғыны бар арқа даласындағы шағын қаладан ірі мегаполиске айналды. Қазір елордада 1,5 миллионға жуық адам тұрады, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парағында.

«Астанамызды одан ары жайлы ету жолында жүйелі бірқатар мәселені шешу үшін жұмыс істеп жүрміз. Олар – тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, инженерлік және жол инфрақұрылымы, білім беру, спорт, медицина нысандары, қоғамдық және аулалық кеңістіктер нысандарының құрылысы», – деді әкім.

Оның айтуынша, бұл күндері елордада түрлі іс-шара өтіп, жаңа қоғамдық және аула кеңістіктері ашылып жатыр.