Ол есірткіні белгіленген жерлерде жасырумен айналысқан
Көкшетау полицейлері есірткі тасымалдаушы әйелден 185 бума «синтетика» тәркіледі, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында синтетикалық есірткіні жасырын салушының қызметін тоқтатты, деп мәлімдеді Polisia.kz.
Жеке тінту кезінде жедел қызметкерлер синтетикалық препарат саналатын a-PvP психотроптық заты бар 185 полиэтилен пакетін тауып, тәркіледі, – деді Ішкі істер министрлігі.
Жүргізілген сараптама тыйым салынған заттың салмағы 207 грамм екенін көрсетті. Бұл өте үлкен мөлшерге жатады.
28 жастағы есірткіні жасырын қойып кетушіден оның Петропавлдан Көкшетауға «синтетика» тарату үшін арнайы келгені белгілі болды.
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қатысушы құрықталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.