Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері экстремизм идеологиясының жақтаушысы, Сайрам ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы радикалды уағызшылардың бейнероликтері мен терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқанын анықтады.
Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер діни мазмұндағы 300-ге жуық кітапты, ноутбукты және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі.
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды, – делінген полиция хабарламасында.
Қазір осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.