Әскерде адам қазасын болдырмауға тырысамыз – Қорғаныс министрі
«Нөлдік өлім-жітім» бойынша шаралар кешені жасалады

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов кеңес өткізіп, оның барысында жазғы оқу кезеңінің басталуына байланысты міндеттерді нақтыланып, жеке мәселе болып әскердегі қауіпсіздік проблемасы көтерілді.
Бұл туралы ведомство хабарлады.
Қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік даярлықты қайта жаңғырту аясында сабақтарды сапалы ұйымдастыруға, жеке құрамның оқу бағдарламаларын толыққанды іске асыруына, оқыту процесіне барлық әскери қызметшілерді қатыстыруға назар аударды.
Осыдан кейін әскери қызмет қауіпсіздігі жеке мәселе ретінде көтерілді. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери қызметшілердің қазасы мен жарақаттануы туралы айтты. Ол бейбіт уақытта адамның өліміне жол берілмейтінін, әскердегі барлық лауазымды азаматтар мұндай жағдайларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауы керектігін атап өтті.
Осыған байланысты жеке құрамның қазасы мен жарақаттану себептеріне жан-жақты талдау жүргізетін «әскерде нөлдік өлім-жітім» бойынша шаралар кешенін әзірлейтін жұмыс тобын құру тапсырылды.
Бағдарламаны әзірлеуге Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдарын, ардагерлер ұйымдарын, білім беру және медициналық мекемелердің өкілдерін, психологтарды да тарту қажет. Қарулы күштерде сарбаздың қазасын болдырмау керек, - деді министр.
Кеңесте Қорғаныс министрі тілсіз жауды сөндіріп, жалын ішінде қалған адамды құтқару кезінде батылдық танытқан келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ефрейторлар Абылайхан Омаров пен Талғат Әбжановты «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапаттады.
Министр әскери қызметшілердің төтенше жағдайда шапшаң қимылдап, дер кезінде көмекке келе алған ерлігін мысалға келтірді.