Елімізде Астана есімі қойылған қанша адам бар?

Дәурен Ерболат

Олардың басым бөлігі – ерлер

Фото: Halyq Uni

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Астана есімді қанша бала барына қатысты деректі жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елімізде Астана есімі қойылған 24 адам тұрады екен. Олардың басым бөлігі ерлер – 17 адам.

Сонымен қатар Астана атауын қамтитын басқа да есімдер бар.

Астанай, Астанабек, Астанадин, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Астанақұл, Астанали, Элин Астана, Ару-Астана, - деп жазылған хабарламада.