Оралда сейф ұрламақ болған жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Дәурен Ерболат

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: polisia.kz

Оралда полиция сейф ұрламақ болған жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

29 маусымға қараған түні қаладағы кеңселердің біріне белгісіз біреу кіріп, темір сейфті көтеріп алып кеткен. Онда шамамен 1 млн теңгеге болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 26 жастағы күдікті ұсталды. Ол Орал қаласында тұрады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған сейф тәркіленді.

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.