Halyq Uni логотип
×

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының билеті қанша тұрады?

Халықаралық доданы өткізу үшін 320 ат пен 130 көлік жалға алынады

 Ербол Тұрымбет 05.07.2024 | 16:20
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының билеті қанша тұрады?
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Астанада Шанхай Ынтымақтатық ұйымы саммитіне қатысқан шетелдік дипломаттар мен журналистерге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы арнайы таныстырылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ойындарға 89 елден өтініш түскенін айтты.

Қатысушы елдердің санын 100-ге жеткізу көзделіп отыр. Бағдарламадағы 21 спорт түрінің 11-і қазақтың дәстүрлі ойыны болса, қалғаны өзге қатысушы елдерден. Мысалы, қырғыздың ордо, көкбөрі ойындары, африкалық увари деген спорт түрі бар, - деді министрдің орынбасары.

Қазір елордада шетелдік қонақтар үшін 32 қонақүй дайындалып, 320 ат жалға алынып жатыр. Бүкіл делегацияны тасу үшін 130 көлік жалға алынады.

Сондай-ақ V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының билеті онлайн платформада сатылады.

Бүгінге дейін 500-ден аса билет өтты. Ашылуы мен көкпар сынды қызықты ойындарды қоса алғанда билеттің құны 500 теңгеден 25 мың теңге аралығында болады, - деді Серік Жарасбаев.

Жалпы қатысушылар мен туристерді қосқанда, Астанаға бір аптада 100 мыңға жуық шетелдік келеді деп есептеліп отыр.

Айта кетейік, биыл 8-13 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оған 21 спорт түрінен екі мыңнан аса спортшы қатысып, 97 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама