Halyq Uni логотип
×

1700 теңгеге жуық қарызы бар зейнеткер жарықсыз қалды

Ол адам құқығы жөніндегі уәкілдің өкіліне жүгінген

 Динара Амантай 05.07.2024 | 15:52
1700 теңгеге жуық қарызы бар зейнеткер жарықсыз қалды
Фото: Адам құқығы жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі

Ақмола облысында 1690 теңге қарызы үшін зейнеткердің электр жарығын қиып кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қария адам құқығы жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкіліне үйіндегі электр қуатын қосуға көмек көрсетуді сұрап жүгінген. Арызданушының айтуынша, ол жалғыз тұрады, еңбек ардагері, сондай-ақ 2 топтағы мүгедек.

Маусымның соңында үйіне оралған ол электр желісі қызметкерлерінің пәтеріндегі электр жарығын өшіріп жатқанын көреді. Зейнеткердің жарықты өшірмеуді сұрағанымен, олар қарияның өтінішін елемеген.

Уәкіл өкілі аймақтағы энергетикалық желі мекемесі басшысымен жеке телефон арқылы сөйлесіп, арызданушының 1690 теңге қарызы бар екенін анықтады. Барлық мән-жай белгілі болған соң, зейнеткер өңірдегі өкілмен бірге, су электр станциясына барып, қарызын төлеген.

Қазір мәселе шешіліп, өтініш берушіге электр жарығы айыппұлсыз қосылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама