Halyq Uni логотип
×

Компания директоры кассадан 25 миллион теңге ұрлаған

Ол ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған

 Динара Амантай 05.07.2024 | 13:11
Компания директоры кассадан 25 миллион теңге ұрлаған
Фото: видеодан скриншот

Компания директоры кассадан 25 миллион теңге ұрлаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 сәуірде Көксу аудандық ПБ-ға акционерлік қоғамның өкілінен арыз түскен. Азамат аудандық филиал директорының кассадан қомақты соманы алып, белгісіз бағытта қашып кеткенін хабарлаған.

Компания өкілінің айтуынша, күдікті өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, қолма-қол ақша алып, ізін суытқан. Тексеру барысында 25 миллион теңгеден астам қаржының жетіспейтіні анықталды.

Іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Жауап алу кезінде ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты, – деді Көксу АПБ бастығының орынбасары Әділет Мақашев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама