Алматы облысында 2 млн теңгенің вейптері тәркіленді

Динара Амантай

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: polisia.kz

Алматы облысында құны 2 млн теңгелік вейп тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Стоп-алаяқ» ЖПІШ өткізу барысында Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы вейптерді заңсыз сатқан азаматтарды анықтаған. Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған.

Тәртіп сақшылары 2 миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады, – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.

Заңды бұзған адамға 200 АЕК-е дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде жаза көзделген.